Еуропа чемпионатының плей-офф кезеңінде Италия құрамасы Австриямен кездеседі
Еуропа чемпионатының плей-офф кезеңінде Италия құрамасы Австриямен кездеседі
179
оқылды
Топтық кезеңнің қорытындысы бойынша, 2020 жылғы Еуропа Чемпионатының 1/8 финалына қатысушылардың бірінші жұбы анықталды. Италия мен Австрия құрамалары кездесетін матч 26 маусымда Лондонда (Англия) Уэмбли стадионында өтеді. Италия А тобында Түркияны (3: 0), Швейцарияны (3: 0) Уэльсті (1: 0) жеңіп, тоғыз ұпаймен бірінші орынды иеленді. С тобындағы Австрия алты ұпай жинап, екінші орынмен плей-офф кезеңіне өтт. ЕУРО - 2020 чемпионатының плей-офф кезеңіне 5 құрама жолдама алды - Италия, Уэльс, Бельгия, Нидерланды, Австрия.