Елордада карантин күшейтіледі
Елордада карантин күшейтіледі
223
оқылды
Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Қазақстан аумағында коронавирус инфекцияcының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) отырысы өтті, - деп хабарлады primeminister.kz. Денсаулық сақтау министрлігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша карантиндік режимді күшейту жөніндегі ұсынысы қолдау тапты: Сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым сала отырып, жұмыс күндері сағат 17:00-ге дейін азық-түлік емес тауарларды сататын сауда ойын-сауық орталықтарының, сауда орталықтарының, сауда желілерінің жұмыс режимін шектеу (осы объектілерде COVID-19-ға қарсы жаппай вакциналау пункттерінің орналасуына қарамастан); сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым сала отырып, сағат 7.00-20.00 аралығында ғимарат ішіндегі қоғамдық тамақтану объектілерінің (мейрамханалар, дәмханалар, барлар, асханалар) жұмысын шектеу, ашық ауада сағат 7.00-22.00 аралығында шектеу («Ashyq» жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда»); жабық азық-түліктік емес базарлардың жұмысын демалыс күндері жұмыс істеуге тыйым сала отырып, сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін шектеу (осы объектілерде COVID-19-ға қарсы жаппай вакциналау пункттерінің орналасуына қарамастан); санитарлық талаптарды сақтай отырып, 100 адамнан асса, ашық ауада жаппай іс-шаралар өткізуге тыйым салу (діни, спорттық және т.б.) Сонымен қатар Е. Тоғжанов орталық мемлекеттік органдарға, әкімдіктерге штаммның жоғары контагиоздылығын ескере отырып, «Дельта» штамының таралуының алдын алу бойынша барлық шараларды қабылдауды тапсырды. Денсаулық сақтау министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп, осы жылғы 28 маусымға дейін резервтік қорлардағы төсек қорына, кадрлық қамтамасыз етуге, дәрі-дәрмектердің жеткіліктілігіне тексеру жүргізу тапсырылды. Қорытындылай келе, Премьер-Министрдің орынбасары халықты коронавирусқа қарсы вакцинамен қамтуды ұлғайту қажеттігін атап өтті. Бұған дейін