Қазақстанға балаларымен бірге ұшып келген әнші Лидо қонақүйде оқшауланды
Қазақстанға балаларымен бірге ұшып келген әнші Лидо қонақүйде оқшауланды
114
оқылды
Белгілі әнші Лидия Досалина балаларымен бірге Қазақстанға ұшып келді. Алайда коронавирусқа тапсырған тесттің оң нәтиже көрсетуіне байланысты карантинге жатқызылды. Әншінің балалары коронавирус жұқтырған болып шықты. Соған байланысты ол балаларымен бірге арнайы қонақүйге жатқызылды. Лидоның өзі америкалық вакцина салдырғандықтан, ПЦР-тест теріс нәтиже көрсеткен.
"Оқшаулауға байланысты айтып өтейін. Біз қонақүйдеміз. Менің естуімше, науқастарды оқшаулайтын екі қонақүй бар екен. Біріншісіне симптомы жоқ науқастар, екіншісіне симптомы бар науқастар жатқызылған. Біз екіншісінде жатырмыз, менің екі баламда температура бар", - деп жазды ол Instagram-дағы парақшасында.
Оның айтуынша, балаларында температурадан басқа ешқандай белгі жоқ. Әнші өзі мен балалары үшін алаңдаушылық білдірген отандастарына алғыс айтты.