Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Шайх-Хасан Саттарқұлұлы Жазықбаев «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.
Мереке Мәтімұлы Күшікбаев Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Құрлық әскерлері Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды, ол «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды;