Тоқаев демалысын қайда өткізетіні белгілі болды
Тоқаев демалысын қайда өткізетіні белгілі болды
178
оқылды
Қазақстан Президенті шілде айының ортасында демалысқа шығуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли айтты.
"Мемлекет басшысы шілденің ортасында бір аптаға демалысқа шығуды жоспарлап отыр. Президент демалысын Қазақстан аумағында өткізеді. Өздеріңізге белгілі, былтыр коронавирус пандемиясына байланысты Қасым-Жомарт Кемелұлы демалған жоқ", - деді Уәли ресми сауалға берген жауабында.
Ол Тоқаев президент лауазымына кіріскен сәттен бері екі жыл  үш ай ішінде тек бір рет, 2019 жылдың шілдесінде үш күндік қысқа мерзімді демалысқа шыққанын еске салды.