Алматыда жүк көлігі аударылып қалды
Алматыда жүк көлігі аударылып қалды
216
оқылды
Алматы қаласының Медеу ауданында Сағадат Нұрмағамбетов көшесінде топырақ пен тас тиелген Howo маркалы самосвал көлігі аударылып қалды, — деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Оған жеңіл көліктің қарсы бетке шығып кетуі себеп болған. Куәгерлер мен жүргізушінің айтуынша, самосвал Шығыс айналма жолымен келе жатып, Сағадат Нұрмағамбетов көшесіне бұрылған. Төмен түсіп келе жатқан кезде алдынан жеңіл көлік шыққан. Самосвал көлікпен соқтығысудың алдын алу үшін бұрылыс жасамақ болғанда, басқаруды игере алмай қалды. Салдарынан жүк көлігі жолда аударылып қалды. Самосвал жүргізушісі жеңіл жарақат алды. Ол дәрігерлердің көмегінен бас тартты.