Air Astana Черногория санитарлық талаптарын жеңілдеткеніне қарамастан, Подгорицаға ұшар алдында жолаушылар теріс ПТР нәтижесі немесе IgG антиденелеріне оң нәтижесі бар анықтаманы немесе вакцинация төлқұжатын ұсынуы керек деп хабарлайды.
Бұл шешім коронавирус инфекциясының алдын алу, сондай-ақ Air Astana жолаушылары мен экипаж мүшелерінің денсаулығын сақтау мақсатында қабылданды.
Қазақстанға оралу үшін теріс нәтижесі бар ПТР анықтамасы нәтиже шыққан күннен бастап Қазақстан Республикасының шекарасынан өткен сәтке дейін 3 күн ішінде жарамды болып саналады. Әуекомпаниясы жолаушыларға санитарлық талаптарды сақтауға және ұшуға алдын ала дайындалуға кеңес береді және олар аталмыш құжаттарсыз ұшаққа қабылданбайды.
Қауіпсіздік Air Astana үшін тұрақты басымдық болып қала береді.