Үнді штамы: Алматыда карантин күшейтіле ме?
Үнді штамы: Алматыда карантин күшейтіле ме?
96
оқылды
Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин үнді штамына байланысты қалада жаңа шектеулер енгізілуі мүмкін екенін айтты. Алматы қаласы жаңа шектеулер енгізу үшін Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысын күтіп отыр. Бекшиннің мәліметінше, қала тұрғындарының 28 % - супер-гипермаркеттерде, 5% - СОСО мен сауда үйлерінде, 3% - азық-түлік сатпайтын дүкендерде жұқтырған. Қаланың бас санитары Алматы қаласы «жасыл» аймаққа өтуі үшін халыққа эпидемияға қарсы шараларды қатаң сақтау қажет екенін атап өтті.
«Ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін белсенді түрде вакцина алыңыз. Көпшілік іс-шараларға, соның ішінде той мен басқа да отбасылық мерекелерге қатыспау әрі ұйымдастырмау керек. Ең бастысы, эпидемиологиялық ахуалдың «қызыл» аймағындағы өңірлерге шықпаған жөн», - деді ол брифингте.
Айта кетейік, Қазақстанда «қызыл» аймаққа енген бір ғана өңір бар - Нұр-Сұлтан қаласы.