Вакцина салдырмағандарға жұмысқа бару бойынша шектеу енгізіледі - Тоғжанов
Вакцина салдырмағандарға жұмысқа бару бойынша шектеу енгізіледі - Тоғжанов
142
оқылды
Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов ОКҚ-да өткен брифингте вакцина салдырмаған азаматтарға қатысты жұмысқа бару талабына енгізілетін шектеулерге қатысты айтып берді.  Ералы Тоғжановтың айтуынша, бұл талап көрші елдерде эпидемиялық жағдайдың ушығып, елімізде коронавирустың үнді штамының анықталуымен байланысты болып отыр.  Covid-19-ға қарсы вакцина алмаған (медициналық қарсы көрсетілімдері бар және жазылып шыққандарды қоспағанда) қызмет көрсету саласының жұмысшылары, ірі ұйымдасқан ұжымдар үшін жұмысқа келу бойынша шектеулер енгізіледі; КВИ-ға қарсы вакцинациядан бас тартатын (КВИ-ға қарсы вакцинациялауға медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ) қызмет көрсету саласының, өнеркәсіптік кәсіпорындардың және өзге де ұйымдасқан ұжымдардың қызметкерлері үшін міндетті ПТР-тестілеу талабы енгізіледі; Ashyq жобасына жаңа кәсіпкерлік субъектілерін қосу үшін, сондай-ақ жоба шеңберінде жұмыс істеп тұрған субъектілердің (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) жұмысын жалғастыру үшін барлық персонал мен сауда нүктелерін жалға алушыларды вакцинациялау қажеттілігі бойынша талап енгізіледі; Ashyq жобасына СОО, СҮ және азық-түлік емес базарлар кіреді.