"Кемінде 15 тәулікке қамау керек": Тоқаев мүлдем төзбейтін жағдайды атады
"Кемінде 15 тәулікке қамау керек": Тоқаев мүлдем төзбейтін жағдайды атады
198
оқылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл әкімдерін сайлау мәселелері жөніндегі кеңесте қоғамдық мүлікті бүлдіру, бұзақылық және вандализм сияқты оқиғалардың жиілеп кеткеніне тоқталды, – деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.

– Жуырда елордада мас адам лифтідегі мониторды сындырғаны үшін оған 14 мың теңге ғана айыппұл салынған. Бұлай болмайды. Мұндай іс-әрекет үшін кемінде 15 тәулікке қамау керек немесе 1 жылға түзету жұмыстарына салу жөнінде жаза кесу қажет. Мұндай жағдайларға мүлдем төзбеу керек. Жеңіл жаза жарамайды. Ал іс жүзінде жазаламау салдары құқықбұзушылық пен қылмыстың одан әрі өршуіне алып келеді. Сондықтан осы мәселе бойынша заңнаманы қатаңдату керек, – деді Президент.