Оралда жол апаты болып, үш адам ауруханаға түсті
Оралда жол апаты болып, үш адам ауруханаға түсті
5,165
оқылды
Оралда екі автокөлік соқтығысып, үш адам зардап шекті, – деп хабарлайды Inform.kz. БҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға бүгін сағат 15.40-та Н.Назарбаев даңғылы мен А.Карев көшесі қиылысында болды. "Лада Ларгус" және "ВАЗ-2110" автокөліктері соқтығысқан. Жол апаты салдарынан үш адам зардап шекті. Алдын ала мәлімет бойынша, 9 және 17 жастағы қыздар, сондай-ақ, 52 жастағы әйел жабық бас-ми жарақатын алып, миы шайқалған. Қыздардың екеуі де облыстық көпбейінді балалар ауруханасына, әйел облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілді.