Түркістан облысында адамды көлікпен арқанға байлап сүйреген - видео
Түркістан облысында адамды көлікпен арқанға байлап сүйреген - видео
Түркістан облысында видео үшін ВАЗ-2114 көлігіне адамды арқандап сүйрегендердің видеосы тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Instagram қолданушыларының бірі парақшасына заңсыз әрекетінің видеосын жариялағанын анықтады. Белгісіз біреулер "ВАЗ-2114" автокөлігіне адамды арқандап, оны жолда сүйреген", - деді Түркістан облысы Полиция департаменті.
Полиция оқиға Түркістан көшелерінің бірінде болғанын анықтап, тәртіп Фото: zakon.kz[/caption]
"Жүргізуші Түркістан тұрғыны болып шықты, ал оның жанындағы таныстары Тараз қаласынан. Ер адамға қатысты ӘҚБтК-нің екі бабы бойынша әкімшілік хаттама жасалды: 593-бабы 1- бөлігі "Жолаушылар мен жүктерді тасымалдау, жол жүру ережелерінде көзделген қауіпсіздік белдіктерін немесе мотошлемдерді пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау" және 606-бабы 1-бөлігі "Жол жүрісіне қатысушының жол жүрісі қағидаларын апат жағдайын туғызуға әкеп соққан бұзуы", - деді полиция өкілі.