Алматыда «Айқап» журналының 110 жылдығына, «Ақиқат» журналының, «Жас Алаш» газетінің және «Қазақ радиосының» 100 жылдығына арналған Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік жылдарындағы ақпараттық кеңістік» атты Халықаралық ғылыми онлайн-форумының отырысы өтті.
Тарихи маңызы зор аталмыш форумды ашқан әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған форумды құттықтай отырып, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Сауытбек Абдрахманов, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Жанарбек Әшімжан журналистика саласының мән-маңызы мен аталмыш салада зор еңбек еткен көрнекті өкілдерінің рөлін атап өтті. Қазақстан Республикасының Ұлыбританиядағы Елшілігінің баспасөз атташесі Әйгерім Нұрмаханқызы Сейсембаева қазіргі заманғы публицистиканың маңызы мен үлесі туралы әңгімеледі. Сөз сөйлеушілер заманауи журналистиканың қоғамда қандай рөл атқаратынын атап көрсетті. Пандемияға қарамастан, журналистер оқырмандарға, көрермендерге шынайы ақпаратты жеткізу үшін тікелей эфирде жұмыс істеді. Сондай-ақ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Журналистика факультетінің кәсіби кадрлар даярлаудағы біліктілігінің көрінісі – бұл факультеттен түлеп ұшқан түлектердің қазіргі таңда Қазақстанда да, шетелде де жоғары қызметтерде зор абыроймен қызмет атқарып келуі десек жаңылмаймыз. Еліміздің алғашқы журналист мамандарын дайындаған Журналистика факультетінің 87 жылдық тәжірибесі көрсеткендей, осындай қиын-қысталаң уақытта кез келген сын-тегеуріндерге төтеп бере алатын жоғары білікті мамандар даярланатынын зор мақтанышпен айтамыз.Гүлмира Сұлтанбай