25 маусымға арналған ауа райы болжамы
25 маусымға арналған ауа райы болжамы
186
оқылды

Жел күшейіп, оңтүстікте ол шаңды дауылға ұласады.

Солтүстік пен солтүстік-шығыста тұман түседі. Батыста күн жауын-шашынсыз және аптап ыстық болады. Алматы, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде бұршақ жауып, желдің жылдамдығы кей жерлерде секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Алматы облысында желдің екпіні 23-28 метрге жетеді. Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында күндіз жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Қарағанды, Шығыс Қазақстан, күндіз Қостанай облыстарында бұршақ жауып, жел 15-20 м/с жылдамдықпен ұйытқиды. Ақмола, Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде күндіз жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Түркістан облысында жел шаңды дауылға ұласады. Күндіз Батыс Қазақстан, Ақтөбе Маңғыстау Атырау облыстарында аптап ыстық болады. Атырау облысының кей жерлерінде өте қатты ыстық болады.

Қызылорда, Ақтөбе, Маңғыстау, Атырау облыстарының басым бөлігінде, Түркістан, Жамбыл, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.