Жаңа форма: бұдан былай полицейлер кроссовка киеді
Фото: polisia.kz[/caption]
Мемлекет басшысының учаскелік полиция инспекторларының мәртебесі мен танымалдығын арттыру жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде олар үшін жаңа киімнің жеке желісі әзірленді.
Полиция басқармалары аппараттарының әйел – қызметкерлеріне арналған киім жазғы кезеңде киюге арналған көйлекпен толықтырылған.
[caption id="attachment_146972" align="aligncenter" width="1024"]
Фото: polisia.kz[/caption]
Қызметтердің барлық санаттары үшін POLISIA жарық шағылыстырғыш жазуы бар жазғы, маусымдық және қысқы киім үлгілері жасалды.
Қызметкерлердің аяқкиімі алғаш рет өзгертілді. Кроссовкалар аяққа ыңғайлы, аяқты жарақаттанудан, сырғанаудан қорғайды.
[caption id="attachment_146973" align="aligncenter" width="1200"]
Фото: polisia.kz[/caption]
Қалалар мен облыстардың эмблемаларының негізінде киімнің оң жеңіне өңірлік жапсырмалар әзірленді. Бұйымдардағы жиектің түсі қызылдан көкшіл түске өзгерді. Металл бұйымдар – жетондар, эмблемалар, жұлдыздар тоқыма бұйымдарына ауыстырылды. Жарық шағылыстырғыш элементтерге ерекше назар аударылды.