Аталмыш меже биыл 80 пайыз жүзеге асуы керек. Бұл бағыттағы 40 мектептен инклюзивті қолдау кабинеттері, 2 ресурстық орталық, 2 аутизм балаларды қолдау кабинетін жабдықтау, 48,5 штат бірлікте арнайы маман, 18 тьютер алу көзделген. Жалпы 2020 жылы 48 балабақшада және 44 мектепте кабинеттер ашылып, 56 арнайы маман балабақшаға, 67 маман мектепке қабылданған. Нәтижесінде мемлекеттік бағдарлама көрсеткіші бойынша инклюзивті білім беруге жағдай жасаған мектепке дейінгі мекеме үлесі 52,8%, мектептердің үлесі 86,3% құрады. Ағымдағы жылы 47 мектепке дейінгі мекемеден логопункт ашу және логопед маманымен қамту, 2 мектепке дейінгі мекемеден аутизм балаларды қолдауға инклюзивті қолдау кабинеті жабдықталып, 47 логопед, 18 тьютер мамандарымен қамту жоспарланған. 27 мектептен инклюзивті қолдау кабинеттері, 4 ресурстық орталық 2 аутизим балаларды қолдау кабинетін жабдықтау, 48,5 штат бірлікте арнайы мамандармен қамту қаралған. Бүгінгі күні балабақшаларға 29, мектептерге 24 маман қабылданды. Бұл дегеніміз жоспарлы жұмыс барысымен мамандардың қамтылу көрсеткішінің 98%-ға жеткенін көрсетеді. Мұғалімдерді инклюзивтік білім беру бойынша курстан өткізу жұмыстары бойынша, мектепте жұмыс жасайтын 1212 мұғалім біліктілігін арттырып, 29-і қайта даярлау курсынан өткен. Мектепке дейінгі ұйымдардың 488 қызметкері арнайы курстан өтіп, 16-і қайта даярлау курсынан өткен. Облыс бойынша 21 арнайы білім беру ұйымдары жұмыс жасайды. Жыл бойы ПМПК-ға консультацияға 1500 астам, түзету кабинеттерінен 800-ден астам балалар арнайы маман көмегін алып, нәтижесінде 118 бала білім беру ұйымдарына қосылған. Дегенмен, арнайы білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасына байланысты күрделі мәселелер де жеткілікті. Сондықтан осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта қарастырылатын болады. Инклюзивті білім беру барысында қандай да бір дискриминацияға жол бермеу, қоғамда теңдік қатынасты орнату біздің ортақ мақсатымыз.
Гүлнар ЕСҚАЛИЕВА, облыстық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі, Білім мен ғылымды дамыту жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасы