Қарағандыда 4 жасар бала терезеден құлап кетті
Қарағандыда 4 жасар бала терезеден құлап кетті
166
оқылды
Қарағандыда көпқабатты үйдің екінші қабатында орналасқан пәтердің терезесінен 4 жасар бала құлап кетті, деп хабарлайды облыстық ТЖД.
«24 маусым күні кешке Қарағанды қаласының 14-шағынауданында 2-қабатта орналасқан пәтердің терезесінен 2017 жылы туған қыз бала құлап түсті. Баланың ата-анасы сол сәтте көрші бөлмеде болған. Бала түрлі жарақаттармен медициналық мекемеге жатқызылды», - делінген хабарламада.
Дәрігерлер баланың жағдайы орташа ауыр екенін айтты.
«Баланың бас миы шайқалып, жамбас буыны шығып, балалар жарақат бөліміне жатқызылды. Жағдайы орташа ауырлықта деп бағаланады», - деп түсіндірді Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.