Синоптиктер демалыста ауа райы қандай болатынын айтты
Синоптиктер демалыста ауа райы қандай болатынын айтты
188
оқылды
Синоптиктер 26-28 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады. Метеорологтардың мәліметінше, атмосфералық фронттардың әсерінен еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найғазай ойнайды. Қазақстанның тек батысында күн ашық әрі аптап сақталады.
«Атмосфералық ауа ағындарының әсерінен елдің біршама аудандарында найзағай күтіледі. Тек Қазақстанның батысында жауын-шашынсыз ыстық ауа райы сақталады. Республиканың шығыс және оңтүстік бөлігінде жел күшейіп, оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл тұрады. Ауа температурасының біртіндеп жоғарылауы болжанады: күндіз солтүстікте 20-32 градусқа дейін, орталықта 20-37 градусқа дейін, ал шығыста 15-28 градус ыстық болады», - делінген хабарламада.