СҚО-да ұрланған көлік жанып кеткен күйінде табылды
СҚО-да ұрланған көлік жанып кеткен күйінде табылды
144
оқылды
СҚО-да жоғалған жеңіл көлік Аққайың ауданында өртенген қалпында табылды. Зардап шеккен адамдар болған. Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 24 маусым күні таңертең Петропавл полициясына қала тұрғыны келіп, түнде біреулердің «Audi С4» автокөлігін айдап әкеткені туралы айтқан. Тәртіп сақшылары бірден іске кірісіп, бақылау-өткізу пункттері, аумақтық бөліністер бағдарланды. Нәтижесінде Аққайың ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері Қиялы ауылының маңындағы жолда жоғалған көлікке ұқсайтын жанып кеткен машинаны тапты. Аудандық полиция бөлімінің бастығы Руслан Сапаровтың айтуынша, көлік қасында жол-көлік оқиғасында зардап шеккен екі адам болған. Екеуі де жедел жәрдеммен аудан орталығы Смирновтағы медициналық мекемеге жеткізілген. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.