Қарағандыдағы орталық саябақ аумағында полиция қызметкерлері өлі арыстан тапты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Көмілген жабайы жануардың өлексесін полицейлер шамамен 16.30-да анықтады. Тәртіп сақшылары саябақ аумағын тексеріп, сараптама жүргізу үшін жануар денесін зертханаға жолдады.
"25 маусымда Орталық саябақтың аумағында жабайы жануар, арыстанның жерленген жері табылды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 316-бабы "Жануарларға қатыгездікпен қарау" бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүріп жатыр", — деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметіндегілер.