Бортында Колумбия президенті Иван Дуке отырған тікұшаққа белгісіз біреулер оқ атты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Президент Иван Дуке ұшатын тікұшақ Сардината муниципалитетінен, Солтүстік Сантандер департаментінен шыққан кезде шабуылданды. Тікұшаққа кем дегенде алты оқ атылды, ұшқыштар мен экипаждың тәжірибесінің арқасында жағдай шешілді", — деп хабарланды Noticias Caracol телеарнасында.
Президентпен бірге тікұшақта қорғаныс министрі, ІІМ басшысы, Кукута департамент губернаторы және мэрі болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, президент пен жанындағы адамдар зиян шеккен жоқ.
Кейінірек Колумбия президенті ұшағына шабуыл жасалғанын растады.
"Мен Сардинатада жұмысымды аяқтағаннан кейін және Кукута қаласына қонуға жақындағанда президенттік тікұшаққа шабуыл жасалғанын елге хабарлағым келеді", — деді Дуке үндеуінде.