Жасотандықтар "30 игі іс" акциясын өткізіп жатыр
Жасотандықтар "30 игі іс" акциясын өткізіп жатыр
190
оқылды

Жасотандықтар Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «30 игі іс» республикалық акциясына белсенді қатысып жатыр. Олар бүкіл ел бойынша жалғызбасты зейнеткерлерге үй маңындағы аумақты қардан тазартуға, үйдің ішін ретке келтіруге көмектесті.

Сондай-ақ, 9 мамыр және халықаралық әйелдер күні қарсаңында құттықтау акцияларын ұйымдастырды. Медициналық қызметкерлерге «Алғыс пакеттерімен» қамқорлық жасап, аз қамтылған балаларды балалар мерекесімен құттықтады. Осы демалыс күндері де жасотандықтар үшін ерекше болды. Жаздың жайма шуақ күнінде олар қоршаған ортаны қорғау мақсатымен жаппай республикалық эко-акция ұйымдастырды. Елордадан бастау алған акция, еліміздің облыс, аудан орталықтарында да өтті. Қатысушылар көшелерді, арықтарды, қоқыс орындарын тазалауға көмектесті. жасотан Акцияға белсенді жасотандықтар, жас көшбасшылар, Biz Birgemiz волонтерлар қозғалысының мүшелері қатысты. Акция барлығы 2 500- ден астам адамды қамтыды. Қатысушылар қашықтықты және арнайы маска режимін қатаң сақтады. Мысалы, Ақмола облыстық Jas Otan ЖҚ филиалы Көкшетау қаласының орталық саябағында акция ұйымдастырса, Алматы жастары қаланың ағаштарымен жасыл желектерді күтiп ұстау мен қорғауға атсалысты. Jas Otan ЖҚ төрағасы Нұржан Жетпісбаев атап өткендей, әрбір эко-акция тәрбиелік сипатқа ие. Сонымен қатар, акция қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікті дәріптеп, экологияны қорғау бойынша өзекті мәселелерін көтереді. [caption id="attachment_147174" align="alignnone" width="1024"] width= жасотан[/caption]
«Экологиялық акция өзінің тікелей міндетінен басқа, тағы бір маңызды функцияны орындайды. Ол азаматтық ұстанымы биік тұлғаларды «Бұл менің қалам. Мен оны таза және жасыл етемін!» атты идеясымен біріктіреді. Бұл іске жастардың көптеп келуі және қаламыздың келбетін жақсартуға өз үлестерін қосқаны мені қатты қуантады! Өйткені «30 игі іс» акциясы адамдар мен қоғам үшін арналған нақты іс-шараларға, мейірім мен жақсылықты арқау еткен акцияларға негізделген», — деді Нұржан Жетпісбаев.
Өз кезегінде Biz Birgemiz қозғалысының волонтері Руслан Бахтияров әрбір акция қаланы көркейтуге және еріктілер қозғалысына өз үлесін қосуға үлкен мүмкіндік беретінін атап өтті. жасотан
«Мен мұндай акцияларға бірінші рет қатысып отырған жоқпын. Мамыр айында біз Ұлы Отан соғысы батырларының құрметіне аталған саябақтарды, аулаларды және ескерткіштерді тазарттық. Бүгін біз елордамыздың шалғай аудандары мен көшелерін тазалаймыз. Аталған сәтті пайдалана отырып, жастарды табиғатқа ұқыпты қарауға шақырамын», — деді волонтер Руслан Бахтияров.
жасотан Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «30 игі іс» акциясы шеңберіндегі іс-шаралар әрі қарай жалғасып келесі айларда мынадай тақырыптарға арналады: шілде — Baqytty otbasy, тамыз — Damý, қыркүйек — Bіlіm, қазан — Ómіr syıla, қараша — Sana, желтоқсан — Egemendіlіk.