Өткен тәулікте Қазақстанда тағы 13 адам коронавирус пен пневмониядан көз жұмды, — деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.
Бүгінгі таңда 23 552 адам коронавирус инфекциясынан (22 212 КВИ+ және 1 340 КВИ-) емделіп жатыр:- 6 015 науқас стационарда;
- 16 537 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
- 458 адамның жағдайы ауыр;
- 107 пациенттің жағдайы өте ауыр;
- 68 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.