Нұр-Сұлтанда тәулігіне коронавирус жұқтырған 200 адам ауруханаға жатқызылып жатыр
Нұр-Сұлтанда тәулігіне коронавирус жұқтырған 200 адам ауруханаға жатқызылып жатыр
87
оқылды
Елорданың Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов тәулігіне инфекциялық стационарларға 150-200 адам түсіп жатқанын айтты. 
"Қазіргі кезде тағы да инфекцияның таралу деңгейі өскені анықталып отыр. 28 маусымда таңертең  инфекциялық стационарларда 1 403 пациент бар, оның ішінде  1 256 адам коронавирус, 147 адам пневмония жұқтырған, сонымен ауруханалардағы жүктеме 70%-ды құрайды. Қазіргі уақытта коронавируспен күреске 14 стационар, оның ішінде 13 инфекциялық, 1 карандік стационар жұмылдырылған", - деді Мұратов брифингте.