Ақтауда 6 жасар қыз суға кетті
Ақтауда 6 жасар қыз суға кетті
5,190
оқылды

Ақтауда  2015 жылы туған қыз бала суға батып кетті. Бұл туралы Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасы хабарлады. 

2015 жылы туған қыз бала Ақтауда 27 маусымда суға кеткен. Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасына 21:15-те қыздың жансыз денесі жеткізілді. Куәгерлердің айтуынша, бала қалалық жағажайда шомылған. Батыр ауылында тұратын қыз баланың ата-анасы сол уақытта қасында болған. Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаменті оқиға туралы хабарлама алмағанын жеткізді.