«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнін Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орайластырып өткізді. Салтанатты жиынға партия қызметкерлерінен бөлек, партияның қалалық мәслихаттағы фракция мүшелері де қатысты.
Алғашқы сөзді алған «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанар Бектаева қоғамдағы бұқаралық ақпарат құралдарының маңыздығылығына тоқталып, барша журналист қауымын кәсіби мерекемен құттықтады. «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Ақпараттық сала – қазіргі заманғы мәдениеттің жаһандық және нақты ұлттық өлшеміндегі бөлінбес бөлшегі», – деген болатын. Осыған орай, Сіздерге өз қызметтеріңізге адал әрі азаматтық көзқараспен қарап, жаңашылдыққа ұмтылып, маңызды жұмыстарды атқара жүріп, орын алып жатқан жаңалықтарды тұрғындарға жеткізуге зор үлес қосып келе жатқандарыңыз үшін зор алғысымызды білдіреміз»,- деді ол. Одан соң, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай, партия филиалы мен қоғамдық кеңестердің және қалалық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы фракция мүшелері өңіріміздің дамуы үшін елеулі еңбек еткен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін арнайы Алғыс хатпен марапаттады. Фракция мүшелері журналистерге депутаттық корпустың арнайы тағайындаған степендиясын табыстады. Салтанатты жиын барысында «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының ұйытқы болуымен Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасы, Қазақстан Журналистер одағы Шымкент қалалық филиалы өңірімізде әлеуметтік желі қолданушылары арасында Шымкент қаласында короновируске қарсы күрес жүргізу, тұрғындар арасында сақтық шараларын насихаттау, үздік медициналық мекемені дәріптеп, адам денсаулығы үшін аянбай еңбек етіп жатқан медицина қызметкерлерінің ерен еңбегін үлгі ету, қолдау мақсатында ұйымдастырған «Рақмет саған, дәрігер!» әлеуметтік жобасының жеңімпаздарын марапаттады. Жүлде иелеріне арнайы сыйлықтар табыс етті.Назгүл НАЗАРБЕК, Шымкент қаласы.