Ақмола облысында екі жігіт суға батып кеткен
Ақмола облысында екі жігіт суға батып кеткен
219
оқылды
Ақмола облысында 31 және 29 жастағы ағайынды жігіттер суға батып кетті, — деп хабарлайды Inform.kz Ведомствоның мәліметінше, биылғы жылғы маусымның 27-сінде Сандықтау аудандық өрт сөндіру бөліміне Петровка ауылы маңындағы Жабай өзенінің жағасынан екі ағайынды жігіттің жеке заттары табылғаны туралы телефон арқылы хабарланды. «Ер адамдарды іздеу үшін Көкшетаудан шұғыл түрде сүңгуірлер жіберілді. Сонымен бірге, іздестіру шараларына кинологтар жеке құрамына 5 адам, 2 бірлік техника, қызметтік ит жұмылдырылды. Нәтижесінде 12:30-да Жабай өзенінен 1990 және 1992 жылғы жігіттердің денесі табылды», — деді ведомстводан. Суға батқан ағалы-інілі жігіттердің әкесінің айтуынша, ұлдары үйде түнемеген. Таңертең Жабай өзенінің жағасында олардың киімдері табылған.