"Aiqyn" газетінің Атырау облысындағы тілшісі Тұрсын Қалимова "Ақпарат саласының үздігі" төсбелгісімен марапатталды
"Aiqyn" газетінің Атырау облысындағы тілшісі Тұрсын Қалимова "Ақпарат саласының үздігі" төсбелгісімен марапатталды
247
оқылды
Журналистердің кәсіби мерекесінде сенатор, "Қазақстандық медиа альянсы" басқарма төрағасы Нұртөре Жүсіп бір топ тәжірибелі журналисті арнайы құттықтап, наградаларды табыстады.  Солардың ішінде "Aiqyn" газетінің Атырау облысындағы меншікті тілшісі Тұрсын Қалимова "Ақпарат саласының үздігі" төсбелгісімен марапатталды.
"Бұл жұмыс кез келген журналистке ерекше міндет жүктеп, "халық үні" болуға жетелейді. Журналист болу үлкен жауапкершілік әрі өте қызық. Олардың білім көкжиегі кең, тапқыр, сауатты келеді. Журналистика үлкен кәсіби дайындықты, болған оқиғаға авторлық көзқарасты, елдің қоғамдық-саяси өмірінде болып жатқан процестерге араласуды талап етеді", – деді Нұртөре Жүсіп.