азық-түлікке жұмсайтын шығыны жан басына шаққанда 96,7 мың теңге болды.
Бұл былтырмен салыстырғанда 4,6%-ке көп.
Оның ішінде, Алматы қаласының тұрғындары өте көп шығынданған – 127,2 мың теңге. Тұрғындары азық-түлікке көп ақша жұмсайтын үш өңір қатарына Павлодар облысы (117,1 мың теңге) және Шығыс Қазақстан облысы (116,5 мың теңге) кірді.
Шымкентте азық-түлікке 72,1 мың теңге жұмсаған.
Шығынның көбісі, яғни 90,2 мың теңге азық-түлік пен алкогольсіз сусындарға жұмсалған. Бұл былтырмен салыстырғанда 5,5%-ке көп. Темекі өнімдеріне жұмсалатын шығын 2,6 мың теңге болды. 2,4 мың теңге үйден тыс жерде тамақтануға кеткен.
Алкогольді ішімдікке жұмсалатын шығындар 14,4%-ке, нақтырақ айтқанда 1,3 мың теңгеге дейін азайды.