Алматыда көшеде ер адамды өлтіріп кетті, – деп хабарлайды қалалық Полиция департаменті.
Оқиға Алматының Түрксіб ауданында 28 маусым күні болған. Алматы қалалық Полиция департаменті мәлім еткендей, «Буран-291» патрульдік экипажы күдіктіні «ізін суытпай» ұстады.
«Ұсталған күдіктінің айтуынша, ол тек пышақпен қорғанған, ал қарудың қарсыласының денесіне қалай тигенін білмейді. Сонымен қатар оның мас болғаны анықталды», - деп хабарлады полициядан.
Күдікті Алматы облысы Қарасай ауданының 45 жастағы тұрғыны болып шықты.
Күдікті мен куәгерлер полиция бөліміне жеткізілді. Арнайы топ оқиға болған жерді қарау кезінде қылмыс қаруын тауып, сараптамаға жіберді.