"Бала көз жұмды": Алматыда баласын сатқан жұпқа қатысты тың мәлімет шықты
"Бала көз жұмды": Алматыда баласын сатқан жұпқа қатысты тың мәлімет шықты
253
оқылды
Алматы қаласы Полиция департаменті Өзбекстаннан келген отбасылық жұ- жаңа туған баласын сатып жібергенін анықтады. Бұл туралы Алматы қаласы Полиция департаменті тергеу жұмысы жөніндегі басшысының орынбасары Рустам Әбдірахманов
ҚР Қылмыстық кодексінің 135-бабы 2 бөлігі 12-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Осы қылмысты жасады деген күдікпен 1993 жылғы келіншек пен 1982 жылғы ер адам ұсталды.
Жедел іздестіру шаралары кезінде олар пайда табу мақсатында 2020 жылы қарашада Шымкенттің перзентханаларының бірінен шыққан соң жаңа туған ұлын Қызылорда облысынан келген отбасына сатып жібергені белгілі болды.
Алайда 2021 жылы ақпанда бала туа біткен ауруларынан көз жұмған.
Осы жұп 2019 жылы сәуірде дәл осындай тәсілмен бірінші баласынан құтылғаны белгілі болды. Ол кезде де балаларын бөтен біреуге сатып жіберген. Қазір бала тәрбиеленіп жатқан отбасы анықталды.
Алматы ПД Тергеу басқармасы тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Күдіктілер қамауға алынды.