«Аяла» – балалардың үкілі үміті
«Аяла» – балалардың үкілі үміті
247
оқылды

Нұр-Сұлтан қаласындағы Кенесары 9\1 мекенжайында орналасқан № 96 «Аяла» арнайы балабақшасы ашылмақ. Қала әкімдігінің қолдауымен тұрғызылған балабақшаның артықшылығы ерекше білім беруді талап ететін балаларға арналған. Яғни, зағип жандар. Тек көру қабілеті нашарлаған, сөйлеу тілі дамымаған және психикалық дамуы кешеуілдеген балаларды қабылдайды.

  балалар Балабақша меңгерушісі міндетін атқарушының айтуынша, осы санатқа жататын кез келген балаға есік ашық. Мемлекет тарапынан қаржыланған балабақшаға бару – тегін. Ең алдымен психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес орталығы баланың денсаулығы жайында анықтама беруі керек. Сол қорытындымен  indigo.kst-goo.e-orda.kz порталына тіркеліп, кезекке тұра алады.

балалар– «Аяла» ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған балабақша негізі денсаулығының ақауы бар кішкентайлар үшін  таптырмас дүние. Өйткені мұнда 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға мектепке дейінгі тәрбие беріп, оқытып-тоқытумен шектелмейді. Мекемеге келген әр баланың дамуына, оның денсаулығының түзеуіне басты назар аударылады, – дейді Гүлдархан Нәзімханқызы.

Тоқсан балаға дейін қамтығалы отырған мекемеде бала дамуындағы 3 түрлі қажеттілік бойынша үш санатқа бөлінген. Атап айтар болсақ: көру қабілеті төмен балаларға, тіл мүкістігі бар жандарға және психологиялық дамуы тежелгендерге деп топталған. Осының әрқайсысында 2 топ жасақталып, барлығы 6 топ жұмыс істемек. Әр маманның өз бөлмесі бар. Бәрі бір аумақта орналасқан. Көзі нашар көретін балаларға, бір бөлмеден келесіге барып-келуі мен жүріп-тұруына өте қолайлы жасалған. Оның үстіне, күні бойы балалар білікті мамандардың бақылауында, тәрбиешілердің қадағалауында екен. Олар тек топқа бас-көз болмай, әр баламен жеке айналысады. Тіпті, әр топта екі тәрбиеші мен оның көмекшісіне дейін болады.

– Президентіміз Қасым Жомарт  Кемелұлының сапалы білімнің барлығы қолжетімді болуын назардан тыс қалдырмай, халықтың мұң-мұқтажына қарай ерекше білім беруді талап ететін балаларды қолдауы – бүкіл елге көмек. Ал біз әрбір балаға, әсіресе ерекше қажеттілігі бар балалардың қай-қайсысына да медициналық, педагогикалық, әлеуметтік қолдау көрсетіп, бәріне бірдей оқып-жетілуіне мүмкіндік жасау – біздің міндеттіміз. Сондықтан балабақшадағы мамандар күнделікті балалардың жағдайын диагностикалық құрылғылармен тексеріп, қадағалап отырады. Арт терапия, монтессори, офтальмология секілді кабинеттің бәрі заманауи құрылғылармен жабдықталған, – деді «Аяла» арнайы балабақша меңгерушісі міндетін атқарушы.

балаларКарантиндік шараларға байланысты саниртарлы-эпидемиялогиялық нормаларды сақтай отырып, мекеме ақырындап жұмысын жүргізе бастаған. Бүгінде 18 баланың құжаты қабылдаған, ал қалғаны денсаулығын бойынша тексеруден өтуде. Құжаттары қабылданған ата-ананың бірі Гүлнар Қуанбекқызы «Аяла» балабақшасына іліккеніне қуанышын жасырмады.  Оның сөзінше, ол бұған дейін баласын жекеменшік балабақшаға апарған. «Ол жерде балаға қарағаны болмаса, денсаулығын түзеуіне еш пайдасы болмады. Өйткені баламның көз көруі нашарлап, тілі де шықпай қалды. Сол кезде баламен жұмыс істейтін кәсіби маманның жоғынан, оның дамуы тежеле бастады» деді ол.

балалар– Балабақша толыққанды жұмысын енді бастайды. Ашылуын асыға күтудеміз. Портал арқылы ілігіп, құжаттарды әкелгенімізде балабақшаның жұмысымен таныстым. Мұнда баланың жүйелі дамуына, қабілетінің артуын қадағалайтын білікті мамандар жиналыпты. Тіпті, оларға қажетті заманауи құрылғылармен қамтылыпты. Соның арқасында баламның да көңілі түзеліп, жағдайы жақсарады деп сенемін.  Сондықтан осындай игі бастаманың басында тұрған Президентіміз бен қала әкімі Алтай Көлгіновке ризашылығым шексіз, – дейді Гүлнар Баяндина.