Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті Қазгидрометке сілтеме жасап, ауа райына қатысты ескерту жариялады.
30 маусымда Алматыда сынап бағанасы 35 градусқа дейін көтеріледі. Күн қатты ыстық болуы ықтимал. Осыған байланысты,ТЖД төмендегі қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады:
– Күн сәулесі тікелей түсетін жерлерде мүмкіндігінше аз болуға тырысыңыз.
Еске сала кетсек, сағат 12:00-ден 16:00-ге дейінгі уақытта күннің сәулесі белсенді болады. Денені күн сәулесінен қорғап, жабық киім киіңіз және күнен қорғайтын сықпа май қолданыңыз;
– Ішімдік ішпеңіз – алкоголь ыстықта ағзаға тез әсер етеді және дене жоғары температураға сезімтал болады;
– Сұйықты (салқындатылған су, минералды су) мүмкіндігінше көп ішіңіз;
– Денеге салмақ түсірмеңіз. Күшті жүктеме ыстықта жылу алмасуды арттырады да ағзаны сусыздануға әкеліп соқтырады;
– Автокөлікпен ұзаққа сапарламаңыз. Жолға шықсаңыз, абай болыңыз, себебі қатты ыстықтан көңіл-күй төмендеп, адам өзін өзі нашар сезінуі мүмкін және реакция төмендейді;
–Балаларды көліктің ішіне аз уақытқа болса да қалдырмаңыз. Қатты ыстықтан бала есінен танып қалуы мүмкін; -
-Егер сіз төтенше жағдайға тап болсаңыз және өміріңізге қауіп төнсе, «112», «101» бірыңғай құтқару қызметіне қоңырау шалыңыз (қоңырау шалу тегін).