Коронавирусқа қарсы вакцина салдырған студенттерге оқу ақысына жеңілдік жасалады
Коронавирусқа қарсы вакцина салдырған студенттерге оқу ақысына жеңілдік жасалады
94
оқылды
Қазақстандық жоғары оқу орындары білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің тапсырмасы бойынша студенттер арасында вакцинацияны қолдау акциясын бастайды, — деп хабарлайды ведомствоның ресми сайты.  Атап айтқанда, COVID–19-ға қарсы екпе алған студенттер жоғары оқу орындарының мүмкіндіктеріне байланысты оқуға, жатақханаларда тұруға жеңілдіктер алып, түрлі сыйлықтарға ие болады. Осылайша, жоғары оқу орындары халықтың денсаулығын қорғау үшін вакцинациялау қарқынын күшейту жөніндегі жұмысты қолдайды. Тек студенттер ғана емес, сонымен қатар жоғары оқу орындарының екпе салдырған оқытушылары да материалдық материалдық ынталандыруға ие болады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ, М. Әуезов атындағы ОҚУ, М. Өтемісов атындағы БҚУ, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті вакцинациялауды қолдау бойынша акцияларды бастап кетті. Бірқатар жоғары оқу орнының студенттері үшін оқуға, жатақханаларда тұруға жеңілдіктер, сауықтыру шипажайларына тегін жолдамалар, тегін тамақтану және қоғамдық көлікті пайдалану талондары қарастырылған.