Қызылордада көпқабатты үй өртенді – видео
Қызылордада көпқабатты үй өртенді – видео
164
оқылды
Қызылордада «Астана» шағынауданындағы көпқабатты үйлердің бірінен өрт шығып, тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді. Төтеншеліктердің мәліметінше, бесінші қабатта тұтанған от төменгі пәтерге дейін жеткен, – деп хабарлайды Аstana ТV.  Үй тұрғындары газ баллонын пайдаланатындықтан адамдар жарылыс бола ма деген үреймен бас сауғалап, жан-жаққа қашқан. Ал көпқабатты үйді толық түтін басқандықтан, іште қалып қойғандар мамандардың көмегімен сыртқа  шығарылды. Көмірқышқыл газына уланған бір адам ауруханаға жеткізілді. 1961 жылы туған азаматтың жағдайы орташа дейді дәрігерлер. Нұрбол ИСАНОВ, Қызылорда облысы өрт сөндіру қызметі күштер мен құралдарды жедел басқару орталығының бастығы: – 11 адам қауіпті аймақтан құтқарылып, оның ішінде 5 бала, 15 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Өрт ошағы орналасқан екі пәтерде және көршілес орналасқан пәтерлерден 11 дана газ баллоны қауіпсіз жерге шығарылды.