Шілденің алғашқы күндері 44 градус ыстық болады
Шілденің алғашқы күндері 44 градус ыстық болады
177
оқылды
"Қазгидромет" РМК 1-3 шілдеге арналған ауа-райы болжамын жариялады.  
"Иран аумағынан ыстық және құрғақ ауа массаларының ығысып келуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде әдеттен тыс ыстық ауа-райы сақталады. Тек батыста, содан кейін республикамыздың солтүстік-батысында циклон жүріп, кей жерлерде найзағай жарқылдап, өткінші жауын-шашын түседі, бұршақ аралас жаңбыр жаууы да мүмкін, жел екпіні күшейіп, керісінше ыстықтың беті қайтады, - делінген хбарламада.
Сынап бағаны түнде еліміздің солтүстігінде, оңтүстігінде және орталықта 12-25 ℃ көрсетеді, ал күндіз 30-44 градус аптап ыстық, шығыста түнде 12-20 градус, күндіз 27-35 ℃ ыстық болады, батыста түнде 15-26 ℃, күндіз 28-36 ℃ ыстық болады деп күтіледі.