Кентау - Түркістан тас жолында төрт автокөлік соқтығысып, екі адам көз жұмды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
30 маусымда Түркістан облысы аумағында төрт автокөлік соқтығысты. Жол апаты болған жерге бірден тәртіп сақшылары шықты. Полицейлердің анықтауы бойынша, Кентау - Түркістан тас жолында Lexus, Volkswagen, Daewoo және ВАЗ көліктері соқтығысқан.
Жол көлік оқиғасының салдарынан Daewoo көлігінің жүргізушісі және бір жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Осы көліктің тағы да екі жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен Кентау қаласының ауруханасына жеткізілді.
Оқиға орнында анықтаушылар мен криминалистер жұмыс істеп жатыр. Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Толық мән-жай тергеу барысында анықталады.