Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет AMANAT

Nur Otan-да мемлекеттік сатып алу жүйесін жетілдіру мәселесі талқыланды

Нұрбек БАҚЫТ Нұрбек БАҚЫТ
Шілде 1, 2021
52
қаралым

Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбейілдің айтуынша, бүгінде мемлекеттік сатып алулардың 100%-ы электрондық форматқа көшіріліп, өнім жеткізушілерге қаржылық тұрақтылық түріндегі біліктілік талаптары арттырылды.

«Бұл тиісті салықтық жүктемесі бар және материалдық және еңбек ресурстары жеткілікті жақсы беделге ие компаниялардың сатып алуға қатысуына жағдай жасады. Сонымен қатар, әлеуетті жеткізушілер көлеңкеден шығуға ынталандырылып, сомасы 28 млрд.теңгеден асатын салық ерікті түрде төленді», – деді Дәурен Кеңбейіл.

Ол сондай-ақ соңғы 5 жылда бір көзден мемлекеттік сатып алу үлесі 92%-дан 49%-ға дейін 2 есеге дерлік қысқарғанын айтты.

Алайда, Кеңес төрағасы, Парламент Мәжілісінің депутаты Аманжан Жамаловтың пікірінше, бұл фактілерді жетістік деп айту қиын.

«Қалай болғанда да мемлекеттік сатып алулардың 51%-ы бір көзден алу тәсілімен жүргізіледі. Ал бұл – үлкен сома. 2,5 жыл ішінде камералық бақылау нәтижесінде 78 мың сатып алу бойынша заң бұзушылықтың жолы кесілді. Бұл дегеніңіз жалпы соммасы 2,4 трлн теңгені құрайтын өте көп ақша. Мұның бәрі заңның нашарлығынан емес, оны жүйелі түрде бұзатындығын білдіреді. Сатып алуға қатысушылардың жауапкершілігін күшейту қажет шығар», – деді Аманжан Жамалов.

Кеңес мүшелері Nur Otan-ның сайлауалды бағдарламасын орындау бойынша Жол картасында көзделген сатып алудың бірыңғай терезесін енгізу мәселесін жеке талқылады.

Жол картасы аясында биыл мемлекеттік органдар, мемкомпаниялар және жер қойнауын пайдаланушылар тарапынан отандық өндірушілердің сомасы 21 млрд теңгені құрайтын өнімдерін кепілді сатып алуды қамтамасыз ету міндеті тұр.

Жиын барысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің өкілі бұл көрсеткіш мерзімінен бұрын орындалғанын жеткізді. Себебі, бірінші жартыжылдықта тапсырыс берушілер мен жеткізушілер арасында 23,8 млрд теңге сомасына 25 ұзақ мерзімді шарт жасалған.

Отырыс қорытындысы бойынша Кеңес мүшелері Қаржы, Ұлттық экономика, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктеріне бірыңғай сатып алу терезесі жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі жұмысты жеделдетуді ұсынды.

Тегтер: Nur OtanҚаржы министрлігімемлекеттік сатып алупартия

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мадридтік «Реал» 14-рет Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды

Қазақстандық жеңіл атлет АҚШ-тағы турнирде қола жүлдеге ие болды

Оралда қантқа таласқан адамдардың видеосы тарады

Алматы мен 10 облыста дауылды ескерту жарияланды

Жүк көлігіне тиелген 10 тонна өсімдік майы өртеніп кетті

Елорда әкімі Мырзатай Жолдасбековті 85 жасқа толуымен құттықтады

Оралда пойыз ер адамды қағып кетті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru

Liter.kz - новости Казахстана

Яндекс.Метрика
  • AMANAT
  • Жазылу
  • Байланыс
  • Редакция
  • Жарнама

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»