Батыс Қазақстан облысында автокөлік аударылып, 31 жастағы азамат мерт болды, деп хабарлайды Inform.kz.
БҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабаралауынша, оқиға 30 маусым күні Ақжайық ауданы аумағында болды.
Сағат 06.00-де Атырау - Орал жолының 271-шақырымында 30 жастағы жүргізуші «ВАЗ-21010» автокөлігінің рөліне ие бола алмай қалған. Ол медициналық қорытындыға сәйкес мас күйінде болған.
Жол апаты салдарынан 1990 жылғы ер адам жедел жәрдем көлігінде көз жұмды. Мүрде сот-медициналық сараптамаға жіберілді. 1996 жылғы қыз Ақжайық аудандық орталық ауруханасына жатқызылды.