Президент Дания, Аргентина және Чилидегі елшілерді тағайындады
Президент Дания, Аргентина және Чилидегі елшілерді тағайындады
393
оқылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дания, Аргентина және Чилидегі елшілерді тағайындады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жариялады.

"Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті елшісі Сергей Нұртайұлы Нұртаев Қазақстан Республикасының Дания Корольдігіндегі Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымына тағайындалды;

Қазақстан Республикасының Бразилия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Болат Тұрарұлы Нүсіпов Қазақстан Республикасының Аргентина Республикасындағы, Чили Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.