"800 жылдық тарихты есіне түсіруіміз керек пе?" - Назарбаев ресейлік саясаткердің сөзіне жауап берді
"800 жылдық тарихты есіне түсіруіміз керек пе?" - Назарбаев ресейлік саясаткердің сөзіне жауап берді
301
оқылды

Нұрсұлтан Назарбаев "Штрихи к портрету" деректі фильміне берген сұхбатында ресейлік саясаткерлердің Солтүстік Қазақстан туралы айтқан сөзіне түсініктеме берді.

"Саясаткерлер айта береді. ... Қандай жер берді? Егер Біз Алтын Орданың мұрагерлері болсақ, онда Мәскеу княздігі алым-салық төледі. Енді біз 800 жылдық тарихты еске түсіруіміз керек пе? Сондықтан мұндай мәлімдемелерге назар аударудың қажеті жоқ. Қазір интернетте сөз бостандығы", - деп жауап берді Нұрсұлтан Назарбаев.
Ресейлік "Бірінші арна" эфирінде Мемлекеттік Дума депутаты Вячеслав Никоновтың Қазақстан туралы айтқан сөзі желіде тараған еді. Депутат эфир барысында "Қазақстан деген ел болмады, солтүстігіндегі жерді Ресей сыйға берді" деген еді. Кейін Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне Ресей Федерациясының Уақытша сенімді өкілі Александр Комаров шақырылды. Ресейлік дипломатқа ҚР СІМ ұстанымы көрсетілген нота табысталды.