Елбасы астананың айналасындағы орманды аралады
Елбасы астананың айналасындағы орманды аралады
310
оқылды

Елбасы елорданың «жасыл белдеуін» тікұшақпен аралап, қала айналасындағы орманды алқаптың даму барысымен танысты, жылдағы дәстүр бойынша табиғи ортаға қырғауыл ұшыру шарасына қатысты. Бұл туралы Фото: elbasy.kz[/caption] – Осы жылдары атқарылған шаруа жұртшылық тарапынан кеңінен қолдау тапты. Мұнда велосипед жолдары салынды, бос уақытта демалуға қажет дүниенің бәрі бар. Тұрғындар жидек пен саңырауқұлақ тереді, – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті. Елбасы елорданың «жасыл белдеуіне» ұлттық саябақ мәртебесін беруді, өкілетті органдарға қала маңындағы жерлерге тексеріс жүргізуді ұсынды. Нұрсұлтан Назарбаев елорданы дамыту барысын қайта қарап, шаһар аумағындағы бос жатқан жерлерде ішінара құрылыс жүргізуге көшу қажеттігін айтты. Сондай-ақ Қазақстанның Тұңғыш Президенті қоршаған ортаны аялаудың және баршаға ортақ байлықты келешек ұрпақ үшін сақтаудың маңызды екенін атап өтті. –  Табиғатты аялап, тазалық сақтау қажет. Ағаштарды өрттен қорғап, жойылып кетуіне жол бермеу керек. Мұның бәрі өзіміздің балаларымыз үшін, келер ұрпақтың игілігі үшін жасалып жатыр. Олар осындай керемет сый қалдырғанымыз үшін бізді мақтан тұтатын болады. Туған жерге деген махаббат – қазақстандық патриотизмнің маңызды бөлігі. Осы орайда, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылға дейін Қазақстанда екі миллиард ағаш отырғызу туралы бастамасын қолдаймын. Бұл - маңызды әрі жауапты іс. Сол арқылы біз елімізді көгалдандырамыз. Жасыл желек экологияны жақсартады және халықтың денсаулығын нығайтуға қолайлы жағдай туғызады,– деді Елбасы.