Жәнібек Әлімханұлы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионын жекпе-жекке шақырды
Жәнібек Әлімханұлы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионын жекпе-жекке шақырды
170
оқылды
Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (10-0, 6 КО) орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы америкалық Деметриус Андрадені (30-0, 18 КО) жекпе-жекке шақырды, – деп хабарлайды Prosports.kz. «Андраде, қазір солақайларға қарсы спарринг өткізіп, жаттығып жүрген шығарсың. 100 пайызға дайын бол. Сені бірінші раундта нокаутқа түсіргім келмейді. Көрермендер Qazaq Style-ден ләззат алғанын қалаймын. Сені 7-8-раундта нокаутқа түсіремін. Сені жеңемін, мұны білесің», – деді Әлімханұлы Твиттерде. https://twitter.com/qazaqstyle/status/1409960974849769476?s=20 Жәнібек Әлімханұлы соңғы жекпе-жегінде әлемнің экс-чемпионы америкалық Роб Брантты (26-3, 18 КО) техникалық нокаутпен жеңген болатын.