БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға Тасқала ауданы Шежін ауылдық округінде болған.
2 шілде күні 2-Шежін ауылынан 50 шақырым жерде шамамен сағат 10.00-де жасы 30-40-тардағы ер адам белгісіз жағдайда жасанды су қоймасына батып кеткен.
Ол киімшең күйінде болған. Сағат 17:15-те жедел құтқару жасағының күшімен (4 құтқарушы, 1 жүзу құралы, 1 техника) оның денесі судан шығарылды.
Қазіргі кезде сот-медициналық сараптама тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Ер адамның кім екені анықталу үстінде.