Маңғыстау облысында көлік Каспий теңізіне түсіп кетті. Оқиға орнында түсірілген видео 1 шілдеде әлеуметтік желіде пайда болды, – деп хабарлайды "Лада" басылымы.
Әлеуметтік желілерде Chevrolet маркалы автокөлігінің теңізге түсіп кеткен видеосы пайда болды. Зардап шеккендер жайлы ақпарат жоқ.
https://www.youtube.com/watch?v=Y1tD60zdh5I
Өңір полициясы оқиғаның Қаражанбас кен орны маңында болғанын айтты.
"Оқиға жайлы полицияға ешкім хабарласпады. Маңғыстау облыстық ауруханасына да хабар түспеген. Көлікті иесі шығарып алған", – деді полиция қызметіндегілер.