«Ақорданың» хабарлауынша, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және өкілетті елшісі тағайындалды.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Көшербаев Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды.
Мемлекет басшысының Өкімімен Ермек Көшербаев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметінен босатылды.
Ермек Беделбайұлы 1965 жылы 2 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген. 1988 жылы C.Киров атындағы Қазақ Ұлттық университетін шет тілінде оқытатын тарихшы мамандығы бойынша тәмамдады.
1993 жылы КСРО Дипломатиялық академиясын халықаралық қатынастар және сыртқы саясат мамандығы бойынша аяқтады.
1988-1991 жж. - ҚазССР Сыртқы істер министрлігінің құпия іс қағаздарын жүргізу бойынша аға инспекторы, екінші хатшысы, бірінші хатшысы, Сыртқы істер министрінің көмекшісі.
1993-1994 жж. – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік протокол басқармасының бірінші хатшысы, бөлім меңгерушісі.
1994-1996 жж. - Қазақстан Республикасының Президенті Аппаратының Халықаралық бөлімінің консультанты, Президент Аппараты Протокол қызметі басшысының міндетін атқарушы.
1996-1997 жж. – Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Елшілігінің бірінші хатшысы.
1997 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министірлігінің Көпжақты ынтымақтастық департаментінің Азиялық қауіпсіздік бөлімнің басшысы.
1997-1999 жж. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің көмекшісі.
2000 жылдың қаңтар-қараша айларында «Нұрсұлтан Назарбаев білім фонды» директорының бірінші орынбасары.
2000-2001 жж. - баспасөз қызметінің басшысы, «ҚазТрансОйл ҰК» ЖАҚ-тың президент аппаратының басшысы.
2006-2007 жж. - «Отан Республикалық политикалық партиясы» қоғамдық бірлестігінің орталық аппарат басшысы.
2008-2009 жж. - «Рауан Медиа Групп» АҚ-тың бас директоры.
2009-2010 жж. - «Ертіс қоғамдық-кәсіптік корпорация» Ұлттық компаниясының басқарма төрағасы.
2010-2014 жж. - ШҚО әкімінің бірінші орынбасары.
2014-2016 жж. – Ауылшаруашылық министрлігінің вице-министрі.
2016-2018 жж. - Ауылшаруашылық министрлігінің жауапты хатшысы.
2018-2019 жж. - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы.
2019 жылдан бастап - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары.
Дипломатиялық дәрежесі I сыныпты кеңесші.