Астанада Қаныш Сәтбаевқа ескерткіш қойылды
Астанада Қаныш Сәтбаевқа ескерткіш қойылды
398
оқылды

Нұр-Сұлтанда Қаныш Сәтбаевқа ескерткіш қойылды. Ашылу рәсіміне Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев қатысты. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.

Ескерткіш Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша орнатылған. Мемлекеттік хатшы өз сөзінде Қаныш Сәтбаев қазақ зияткерлік элитасының озық идеяларының жарқын ізбасары екенін мәлімдеді.
«Қаныш Имантайұлы Сәтбаев «өз Отанын мақтан ете алмайтын адам басқа елді даңқтауы екіталай» екеніне сенімді болды. Халқымыз Қаныш Сәтбаевты адалдығы, патриоттығы үшін құрметтейді. Қазақстандық индустриаландырудың басында құрылған Қазақ тау-кен металлургия институтын бүгінде Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті деп атағаны үлкен құрмет. Көрнекті ғалымға арналған жаңа ескерткішті аша отырып, халқымыз тағы да өзінің ұлына құрмет көрсетеді», – деді Қырымбек Көшербаев.
Жобаны Павлодар облысының әкімдігі мен Баянауыл жұртшылығы – ғалымның жерлестері жүзеге асырды. Мүсінші – Асқар Нартов. Іс-шараға вице-премьер