Ералы Тоғжанов Алматыда бірқатар кездесу өткізді
Ералы Тоғжанов Алматыда бірқатар кездесу өткізді
253
оқылды

Вице-премьер киностудияны жаңғыртудың жаңа бағдарламасымен танысты. «Қазақфильм» АҚ президенті Ақан Сатаев мемлекет бөлген қаражат аясында келесі жылы құрылыс жұмыстарын бастау жоспарланғанын хабарлады. Үш жылдық кезеңде барлық нысандар жөнделіп, жаңғыртылады.

Ералы Тоғжанов актерлер Асанәлі Әшімов пен Меруерт Өтекешеваны, сондай-ақ дыбыс операторы Қадыр Қосайды отандық киноиндустрияда ерекше орын алатын және миллиондаған көрермен мойындаған «Қыз Жібек» пен «Атаманның ақыры» фильмдерінің 50 жылдығымен құттықтады. Кинематографистерге «Қазақфильм» киностудиясы және «Қазпошта» АҚ шығарған арнайы пошта маркалары табыс етілді.    width= Кездесу барысында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет инфрақұрылымды жаңғырту мәселелеріне тоқталды. Оның айтуынша, Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Жазушылар үйінің негізгі ғимаратында жөндеу жұмыстары аяқталды. Келесі сатыда – конференция залы. Модернизациялау аясында нысанның тарихи келбетін сақтау көзделгенін атап өткен жөн. Премьер-Министрдің орынбасары Е.Тоғжанов сондай-ақ республика мен қаланың этномәдени бірлестіктерінің өкілдерімен бүкілқазақстандық бірлікті нығайту, мемлекеттік және азаматтық қоғам институттарының этносаралық қатынастар саласындағы өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру мәселелерін талқылады. «Ахыска» түрік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы Зиятдин Касанов, «Мицва» Қазақстанның еврей ұлттық ұйымдары қауымдастығы» ЗТБ басшысы Александр Барон, «Қазақстан ұйғырларының республикалық мәдени орталығы» ҚБ құрметті төрағасы Ахметжан Шардинов, «Наири» Қазақстан Республикасының армян мәдени орталықтары қауымдастығы» республикалық ҚБ төрағасы Артуш Карапетян жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат беріп, этносаралық келісімді, қоғамдағы толеранттылық пен халық бірлігін одан әрі нығайту бойынша бірқатар ұсыныстар айтты. Отандық ғылымды, ұлттық мәдениет және салт-дәстүрлерді дамыту, сонымен бірге, пандемиямен жалпы күрес аясында этномәдени ұйымдардың интеграциясы бойынша күш салуы, мұқтаж қала тұрғындарына қолдау шаралары жөніндегі ойлар айтылды. Этномәдени бірлестіктердің көшбасшыларымен кездесу қорытындысы бойынша Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне айтылған ұсыныстарды зерделеп, пысықтауды тапсырды.