Қазгидромет 4 шілде, бірнеше өңірде дауылды ескерту жариялады. Елімізде ыстық ауа райы сақталады. Демалыс күндері аптап ыстық болады.
Нұр-Сұлтанда ыстық, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, күндіз + 34+36, түнде +20 +22 градус болады.
Алматыда күндіз +35 +37 градус, түнде +21 +23 градус, жауын-шашын болмайды.
Шығыс Қазақстан облысында 37 градус қатты ыстық болады.
Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай, бұршақ күтіледі. Күндіз кей жерлерде 37 градусқа дейін ыстық болады деп күтілуде.
Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай ойнап, екпіні секундына 15-20 метр болатын жел соғады деп болжануда.
Қызылорда облысында ауа температурасы 45 градусқа дейін жетеді. Өрт қаупі өте жоғары.
Атырау облысында 41 градусқа дейін ыстық сақталады.