Жаңалықтар Қазақстан Бекшин жаңа қаулыға қол қойды Бекшин жаңа қаулыға қол қойды Бағлан Бекназар 03/07/2021 15:56 185 оқылды Алматының бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин қала аумағында коронавирус инфекциясының одан әрі таралуына жол бермеу жөніндегі шараларды күшейту туралы жаңаай сайын зертханалық тексеруден өту туралы тармақ алып тасталады. Қалалық жағажайлар мен ашық бассейндер, қаулыға сәйкес, 7.00-ден 19.00-ге дейін жұмыс істейді, келушілер әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып ASHYQ арқылы кіреді. Азық-түлік дүкендеріне, минимаркеттерге, үй жануарларына арналған дүкендерге бару үшін "ASHYQ" қосымшасы қажет емес. Театрлар, кинотеатр және филармония залдары тек 30 пайызға, ал концертке арналған залдар 10 пайызға толуы тиіс. ХҚКО-лар жұмысының уақыты, жексенбіден басқа аптаның барлық күндері жұмыс істейді. Жұмыс уақыты сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін, алдын ала жазылу бойынша. Қаулы 2021 жылы 4 шілдеден бастап күшіне енеді.